Астананы дамыту кеңесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы барлық коммуналдық қызметтерді бір төлем құжатына енгізіп, ол арқылы астаналықтарды ұзын-сонар кезектерден арылу тапсырмасының орындалмай жатқанына баса назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің бұл тапсырмам әлі күнге дейін орындалмай отыр. "Astana Innovations" акционерлік қоғамының құрылғанын жақсы білеміз. Оған 5 миллиардтан астам теңге бөлініп, біраз жобалар қолға алынды. Алайда қала тұрғындары әлі күнге дейін коммуналдық қызмет ақысының түбіртектерін бұрынғы замандағыдай алып тұрады екен. Ал оны төлеу үшін халық бірнеше жерге барып, ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Мен осыны әдейі тексерсін деп адамдарды жібердім. Сөйтсем, астаналықтар, шынымен де, кезекте біраз уақыттарын жоғалтады. Өткен жылы мен коммуналдық қызметтерді бір төлем құжаты арқылы өткізуді тапсырған болатынмын. Неге халық үшін аса маңызды бұл мәселе әлі күнге дейін шешілмей жатыр?", - деп сұрады Президент.
Осы жұмысқа жауапты азаматтардың айтуынша, бүгінде жылу мен электрэнергияның төлемақысы бірыңғай құжатқа кірмей отыр. Оның барлығын алдағы уақытта енгізу көзделген. "Білуімше, өткен жылы Астана әкімдігі 3 миллион қызметтің тек 0,6 пайызын ғана электронды түрде ұсынды. Ал кино мен театрлардың ішінде тек "Хан Шатыр" мен "Астана Опера" ғана өз билеттерін Интернет арқылы сатып жатыр. Ол қалай?", - дейді Н.Назарбаев.