Астаналықтар "қызыл" статусын елемей қыдырып жүр - дәрігер

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар "қызыл" статусын елемей қыдырып жүр - дәрігер Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

COVID-19-ға ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен астаналықтар қоғамдық орындарға шығып, оқшаулану режиін бұзған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-ға ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен астаналықтар қоғамдық орындарға шығып, оқшаулану режиін бұзған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, қалада короновирустың таралу қаупін бәрі бірдей түсінбеді. Мұны түсінбеген тұрғындар сынама оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, бір-біріне қонаққа барып, адам көп жиналған жерлерде қыдырып жүр. Біз өзін-өзі оқшаулау міндетті екенін түсінуіміз керек, ал үй карантинін сақтамағаны үшін 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Бейсенова елорда әкімдігінің брифингінде.

Елорданың бас санитария дәрігері жалпыға бірдей саналы вакцинация ғана қалаға, отбасына, достар мен әріптестердің қалыпты өмір сүруіне көмектесетінін айтты.

"Ұжымдық иммунитет - бұл қала халқының шамамен 80 пайызы иммундалған жағдай. Жалпы, 2021 жылдың соңына қарай барлығы коронавирусқа қарсы иммунитетке ие болады, бірақ мәселе қандай жолмен екенінде. Оны вакцина алып немесе ауырып, өлім қаупі не өте ауыр асқыну болғаннан кейін аламыз. Халықтың санын - 1 миллионнан аса адамды ескере отырып, шамамен 760 мың адам ауырып немесе вакцина алуы қажет. Құрметті елорда тұрғындары, вакцинацияны таңдап, адам шығынын азайтып, дұрыс таңдау жасауды сұраймын", - деді Сархат Бейсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети