20 қаңтар 2015 | 16:24

Астаналықтар полицияға 150-ден астам қару өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Жыл басынан бері астаналықтар 150-ден астам травматикалық оқ қару мен газды және жарақат салатын қару тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, тапсырылған қарулардың түріне қарай мемлекет тарапынан ақшалай қаражат төленеді. 

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаруды қабылдау мен тіркеу азаматтың жазбаша арызы арқылы қалалық және аудандық ішкі істер органдарында жүзеге асады. 

Айта кетейік, Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтан травматикалық қаруларды алу акциясы аясында полиция қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Астана қалалық ішкі істер департаменті қаруды алып жүру мен сақтауға рұқсаты бар тұлғалардан қаруларды ерікті түрде тапсыруы бойынша жұмыс жүргізеді. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы тамыз айында Қазақстан полициясының 2015 жылдың қаңтар айында халықтан травматикалық қару-жарақты сатып алуды бастайтыны хабарланған болатын. Травматикалық қаруды тапсыру тәртібін Үкімет белгілейді, жоба бойынша қаруды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін деп қарастырылып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети