Астана қаласының тұрғындарына ашық жатқан канализациялық және су құбырларының құдықтары туралы 109 номеріне қоңырау шалып, "051" байланыс ақпараттық қызметіне хабарласуын сұрайды. Сондай-ақ ұрлау фактілері туралы да мәлдімдеп отыруға шақырған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Астанада 2013 жылы ашық жатқан құдықтардың (люктердің) саны 841-ді құраған. Биыл 246 жағдай тіркелген.
Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі Ішкі істер департаментімен және Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп 2014 жылға арналған "Қалалық өмірді қамту кәсіпорындарының электржелілік кабельдерін, люктерін және басқа да технологиялық жабдықтарын ұрлаудың алдын алу" жөніндегі кешенді жоспарын бекітті.
Сонымен бірге заңсыз түсті және қара металды қабылдау орындарын анықтау бойынша жедел алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Бұл ретте әкімдік сайтында ашық жатқан құдықтардың кесірінен туындаған төтенше жағдайлардың статистикасы жүргізілмейді.
Айта кетейік, әкімдік сайтына ашық жатқан құдықтарға қатысты шағым өте көп түскен. Азаматтар ашық құдықтардың фотоларын "Халықтық бақылау" айдарына жиі-жиі жіберіп тұрады.