18 қаңтар 2017 | 20:05

Астаналықтардың шағымынан кейін прокуратура мен әкімдік елордалық ПИК-ті тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі өз орынбасары Сергей Хорошунға Астана прокуратурасымен және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, бір ай ішінде азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері тіркелген жағдайлар бойынша және ПИК әрекеттерінің заңдылығын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімі өз орынбасары Сергей Хорошунға Астана прокуратурасымен және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, бір ай ішінде азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері тіркелген жағдайлар бойынша және ПИК әрекеттерінің заңдылығын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астананы орнықты дамыту Кеңесіне Қалалық шешімдер бюросымен бірлесіп, бір ай мерзімде ПИК-тердің жұмысын жақсарту шараларының кешенді жоспарын әзірлеп, бекітуге ұсыну тапсырылғаны айтылады. Сондай-ақ, Әсет Исекешев әкімдік, ПИК өкілдерінен және тұрғындардан құралған жұмыс тобын құруды тапсырды, бұл топ жүйелі түрде туындайтын мәселелерді қараумен айналысатын болады.

Мұнымен қатар, ПИК жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда Астана әкімі Әсет Исекешев көптеген ПИК-тердің қызметі елорда тұрғындарының көңілінен шықпай отырғанын, ал пәтер иелері кооперативтерінің басты мәселесі олардың қызметінің ашық еместігінде және ортақ ақпараттық жүйенің жоқтығында екенін мәлім етті.

"Аталған саланың елорда үшін маңызы зор, өйикені ол қала тұрғындарының өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан қала әкімдігі аталған мәселеге үнемі ерекше көңіл бөледі. Тұрғын үй қорының қызмет көрсету саласында пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты проблемалық мәселелер жеткілікті. ПИК-тер жұмыс істейді, бірақ көбінің қызметіне азаматтардың көңілі толмайды", - деді Әсет Исекешев.

Мұнымен бірге, осы жиында қалалық пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу бойынша "е-ПИК" жобасы таныстырылды.

"е-ПИК" жобасы смарт Астана "Ақылды қала" ірі жобасының шеңберінде жасалды. Біз қала әкімі 11 қаңтарда өткен алқа отырысында көтерген мәселені шешуге кірістік. Бүгінгі күні ПИК жұмысы көңіл көншітпей отыр, көрсетіліп отырған қызмет сапасы тұрғындарды қанағаттандырмайды. Біздің жоба ПИК және тұрғындар арасындағы байланысты жақсарту үшін ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізуге бағытталған, нәтижесінде тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, ПИК жұмысының мөлдірлігі артады деп күтілуде", - деп хабарлады "Astana innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Дүбірова.

Жоба шеңберінде Астана тұрғындары арнайы порталда жеке кабинет құрып, ПИК-ке өтініштерін қалдыра алады. Сондай-ақ, жеке кабинетте ПИК хабарламаларын оқуға мүмкіндік қарастырылған.

Бұған қоса, "е-ПИК" ұялы қосымшасы әзірленеді.

"Біз республика ауқымында тарату үшін қалалық технологияларды енгізу тәжірибесін жинақтаудамыз. Бұл  республикада тұтас бір қаланың аумағында қолға алынған алғашқы ірі жоба", - деп атап көрсетті ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.55   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети