Астаналықтарға әлеуметтік пәтер кілті табысталды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтарға әлеуметтік пәтер кілті табысталды Фото: ©Александр Куприенко

Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға әлеуметтік пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға әлеуметтік пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен кезекте тұрғандарға берілген.

"Бүгін барлығымыз үшін маңызды күн. Ата Заңымыздың 25 жылдығы - Конституция күні қарсаңында өз пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыздар. Құрылыс саласында қол жетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қабылдаған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспаналарын алады", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсіп, 8 мың пәтер пайдалануға берілетінін атап өтті. Бұл үйлер де кезек бойынша беріледі.

"Әлеуметтік тұрғын үй әлеуметтік осал санатқа арналған. Бұл ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы отбасылар және тағы басқа. Келесі аптаның соңында тағы мың әлеуметтік пәтерді табыстаймыз.

Сонымен қатар, біз "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірге қол жетімді баспана алушылар санатын кеңейттік. Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс жасайтын құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық және табыс тілеймін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!" - деді Алтай Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети