19 маусым 2020 | 13:17

Астаналықтарға көшеге себепсіз шығуға шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада жаяу жүруге де, жеке көлікпен жүруге де шектеу қойылады. Тек мына жағдайларда рұқсат етіледі:

- жұмыс орнынан анықтама (немесе қызметтік куәлік) болған жағдайда, тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қарай бағытта;

- азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын дүкендер мен дәріханалардан сатып алу;

- шұғыл жағдайда медициналық ұйымдарға бару;

- тұрғылықты жерден жақын маңда үй жануарларын серуендету.

Нұр-Сұлтан тұрғындарына қосымша шектеу шаралары кезеңінде қажет болатын тауарлар мен дәрі-дәрмекті 18 және 19 маусымда сатып алу ұсынылған.  

Уақытша шектеу кезінде 65 жастан асқан тұрғындарға қажет болмаған жағдайда көшеге шығуға шектеу қойылады.  

Сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік сататын және сатпайтын дүкендерде, қызмет көрсету орындарында және қоғамдық орындарда кең көлемде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 20 маусым сағат 22:00-ден 21 маусым сағат 00:00-ге дейін қызметі тоқтатылатын орындар:

- Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар сатылатын дүкендер, базарлар, жәрмеңкелер;

- мейрамханалар, кафелер, фаст-фудтар, фудкорттар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары. Тек 50 орыннан аспайтын ашық ауада орналасқан қоғамдық тамақтану орындары мен жеткізу қызметтері жұмыс істейді;

- фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер;

- SPA-орталықтар, SPA-салондар, сұлулық салондары, шаштараздар, тырнақ студиялары, барбер-шоптар, солярийлер, массаж орталықтары және сол секілді қызмет көрсететін орындар;

- қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;

- қоғамдық көліктер;

- Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиналарға қызмет көрсету, авто бөлшектер сататын дүкендер;

- тирлер, ату орындары;

- құрылыс компаниялары. Құрылыс алаңынан тыс жерде жұмыс істемеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі мен құрылыс алаңдарында жұмысшыларға арналған жатақханалары бар болған жағдайларда жұмыс істеуге болады;

- қоғамдық орындар: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, көше ойын алаңдары және азаматтардың басқа да демалыс орындары;

- шетел валютасымен қолма-қол операциялар жүргізуге құқығы бар қаржы нарығының субъектілері мен қызметтері мен ұйымдары;

- географиялық жағынан Нұр-Сұлтан қаласына жақын туристік аймақтарға кіреберісті жабу және осы аудандарда орналасқандар әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети