8 тамызда Астанада үлкен бұршақ жауды. Ауа айының қолайсыздығынан жүздеген көлік зардап шекті. Осыдан кейін әлеуметтік желіде қала тұрғындары "неліктен бұршақ жауатыны туралы алдын ала ескертілмеді?" деп сұрақ қойды. Tengrinews.kz тілшісі анықтады.
8 тамызда Астанада үлкен бұршақ жауды. Ауа айының қолайсыздығынан жүздеген көлік зардап шекті. Осыдан кейін әлеуметтік желіде қала тұрғындары "неліктен бұршақ жауатыны туралы алдын ала ескертілмеді?" деп сұрақ қойды. Tengrinews.kz тілшісі анықтады.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазгидромет" тиісті ескерту жасамағынын алға тартты.
"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 8 тамызда Астанада күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болатын солтүстік-шығыс, шығыстан жел. Алдағы ірі бұршақ туралы "Қазгидромет" РМК-дан ақпарат түскен жоқ. Осыған байланысты елорда тұрғындарын алдағы үлкен бұршақ туралы SMS-хабарламалар жіберу арқылы хабардар ету жүзеге асырылмады", - делінген ведомствоның Tengrinews.kz редакциясына ресми сауалына берген жауабында.
Ал "Қазгидрометтің" мәліметінше, олар 6-48 сағат ішінде қауіпті, дүлей метеорологиялық құбылыстар және ауа райының күрт өзгеруі туралы дауылды ескертулер шығарады. Бұдан әрі бұл ақпарат бекітілген схема бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға, оның ішінде ТЖМ дағдарыстық жағдайларды басқару орталығына, облыстардың ТЖ департаменттеріне, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне жедел жеткізіледі.
"SMS-хабарламалар түріндегі барлық дауылды ескерту 112 хабарландыру жүйесімен жіберіледі, "Darmen ТЖ - Kazakhstan ТЖД" қосымшасында көрсетіледі, "Қазгидромет" РМК ресми сайтында және БАҚ-та жарияланады", - деп жауап берді ұйым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!