20 мамыр 2015 | 18:13

Астананы Дубаймен және Гонконгпен байланыстыру керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті Асқар Маминмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті Асқар Маминмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Астанада халықаралық қаржы орталығын құрудың транспорт-логистикалық саланың дамуы бойынша жұмыстарды жүргізуді талап ететінін атап өтті.

"Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыру қажет. Азаматтық авиация саласында осыған дайындалып, жаңа бағыттарды игерген жөн. Сонымен қатар біз ішкі рейстерді кеңейту үшін авиакомпаниялар құруға тиіспіз", - деді Назарбаев.

Қазақстан Президенті елде жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жол" бағдарламасының маңыздылығына назар аударды, оның аясында ірі жұмыстар жоспарланған.

"Астанадан шұғыла тәрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу және қалпына келтіру мәселесін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыстар өндірушілерді техника мен құрылыс материалдарын жеткізу жөніндегі тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, мультипликативті әсерге ие болмақ. Бұл экономика үшін қиын уақытта оны дамытудың драйверіне айналады. Біздің еліміз Жібек жолының "экономикалық белдеуіне" кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да қолдау көрсететін болады", - деді ол.

Өз кезегінде Асқар Мамин Мемлекет басшысына компанияның алдағы жоспарымен, компанияның еншілес кәсіпорындарының тиімділігін арттыру бойынша шараларды, жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалардың барысы жайлы, сонымен қатар алдағы кезеңге құрылып отырған жоспар туралы айтып берді. 

Мамин Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті күш-жігер жұмсалып жатқанын атап өтті. Сол үшін елдің ішінде және шетелде логистикалық инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Қытай - Қазақстан - Еуропа бағытында контейнерлік тасымал соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 15 есеге өседі деп жоспарлану үстінде. Сонымен қатар, Үндістанға транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі де пысықталып жатыр.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

"Қазақстан темір жолы" АҚ президенті "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жаңа теміржол, автомобиль магистральдарын салу, теңіз порттары мен әуежайлардың инфрақұрылымын қайта жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Соның ішінде ол Инфрақұрылымдық даму жоспарында межеленген бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Батыс өңірдің көлік жүйесін дамыту мақсатында Ақтау теңіз портын кеңейтуге мүмкіндік беретін үш жаңа жүк терминалы салынды. Боржақты - Ерсай теміржол желісі салынып жатыр.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Осыған дейін Мемлекет басшысы қаржы орталығын құру бойынша Астананың Дубайдан тәжірибе алатынын айтқан болатын.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети