24 маусым 2015 17:13

Астананың ауасын кім ластап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Астанада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов, мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов пен қалалық басқармалар мен аудандардың басшылары қатысты.

Сессияда қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда Астананы 2020 жылға дейінгі дамыту жоспарын іске асыру аясында экологиялық жағдайды жақсартуға байланысты басты бағыттар айқындалды.

Оның мәліметінше, атмосфераны ластаушы қалдықтардың жалпы салмағы 2014 жылы 165 мың тонна болды. Ал атмосфераның ластану индексінің көрсеткіші - 3,7 бірлік. Сонымен қатар, ол елордалық әуе бассейнінің жағдайы халықтың тұрмысы үшін өте қолайлы екенін айтты.

"Ластанудың негізгі көзі - автокөлік құралдары - 55,6 пайыз. ЖЭО-1, ЖЭО-2 секілді энергетикалық кәсіпорындардың үлесі 30,96 пайызды құраса, басқа да ластану көздері - 15,74 пайыз, жеке сектордан ластану 9,4 пайыз болды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ведомство қарамағындағы кәсіпорындардың 3 мыңнан астам көлігін газмоторлы жанармаймен алмастыру керек. Мұндай жанармай түрін пайдаланған жағдайда түтін шығу төмендеп, қорғасын қоспаларының пайда болуы азаяды", - деді Қосман Айтмұхамбетов.

Айта кетейік, сессия барысында қалалық мәслихаттың "Астана қаласында су нысандарында жалпы суды пайдаланудың ережелері туралы", "Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу ережелері туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети