07 желтоқсан 2015 | 14:53

Астананың ауруханалары мен балабақшалары сенімді басқаруға берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада емханалар, ауруханалар мен балабақшалар сенімді басқаруға берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы қала активінің кеңесінде елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада емханалар, ауруханалар мен балабақшалар сенімді басқаруға берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы қала активінің кеңесінде елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков айтты.

Астанада Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" тақырыбындағы халыққа Жолдауын іске асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары қабылданады.

Қала басшысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейтуге, мысалы, әлеуметтік сала нысандарын: емханаларды, ауруханалар мен балабақшаларды сенімді басқаруға беру мәселесіне ерекше тоқталды.

"Бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтатын және халыққа ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейту мен сапаның артуына әкелетін бастамаларды қолдау керек", - деді Жақсыбеков.

Сонымен қатар, Жақсыбеков Жолдауды іске асыру барысындағы басты бағыттарды айқындап берді. Бюджеттік саясатты оңтайландыру мақсатында бюджеттік бағдарламалардың барлығына ревизия жүргізіледі. Тиімсіз және "формалды" шығындар алынып тасталады. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылмақ. Бәсекелес ортаға беруді қажет ететін бірқатар мемлекеттік ұйым мен нысандар бар.

Жаңа инвестициялық саясат аясында Астанада қалалық жобаларды іске асыру үшін Инвестициялар тарту кеңесі құрылатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети