Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов LRT туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов LRT туралы айтты Фото: ©Tengrinews.kz/Надежда Лыкова

Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT жобасына қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT жобасына қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда кулуарында журналистер Алтай Көлгіновтен құрылысы аяқталуға жақын қалған Астана LRT жобасын қалай бағалайтынын сұрады.

"Жобаны бағалайтын - тұрғындар. Өз уақытында мен де осы жобаға жұмыс істедім, 3,5 жыл еңбектендік. Көріп тұрғандарыңыздай, жұмыс аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындар қоғамдық көлік ретінде мініп жүреді деп үміттенемін, бұл жолдардағы кептелісті азайтуға да ықпал етеді", - деді ол.

Еске салайық, Алтай Көлгінов 2019 жылдың 13 маусымы мен 2022 жылдың 8 желтоқсаны аралығында Астана әкімі қызметін атқарған. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Астана LRT жобасын үздіксіз қаржыландыру болған жағдайда екі жыл ішінде аяқтауға болатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети