29 мамыр 2014 | 15:50

Астананың Еуразиялық экономикалық одақтың "бесігі" болғаны заңды - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтың экономикалық күші бір арнаға қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтың экономикалық күші бір арнаға қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз өзіміздің экономикалық әлеуетімізді бір арнаға қосып, күшейтіп отырмыз. Алдымен одақтың таза экономикалық ұйым екенін ерекше атап өткім келеді. Сол себепті ол қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігіне әсер етпейді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты Астана қаласында рәсімдеудің маңызы зор. Бұл қала Еуразияның қақ ортасында орналасқан. Қазірдің өзінде жас қаланың тарихында ЕЫҚҰ саммиті, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ықпалдастық ұйымы және тағы басқа халықаралық шаралардың шежіресі жазылды. Біз EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатырмыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының дамуына зор үлес қосты. Дәл осы жерде ғасырдың басында Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылып, бірлескен интеграцияға әсер еткен маңызды шешімдер қабылданды. Сондықтан Астананың Еуразиялық экономикалық одақтың "бесігі" болғаны заңды. Бұл Қазақстан, Ресей мен Белурась халықтары арасындағы достық шежіресінің жалғасы болады деп білемін", - деді Н.Назарбаев ЕАЭО туралы келісімшартқа қол қою рәсімінен кейін.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанның одаққа мүше мемлекеттермен арадағы сауда-саттығы 88 пайызға өсіп, 24 миллиард долларға жетті. Ал экспорт 6 миллиард долларға дейін көтерілді. "Бұл жай сандар емес. Оның арғы жағында көптеген нақты компаниялар, байланыстар мен жаңа жұмыс орындары тұр", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Президенттің ойынша, 20 мамырды әрбір мемлекеттің күнтізбесіне "Еуразиялық интеграция күні" ретінде енгізуге болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети