Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жолдардағы кептелісті қалай жоюға болатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жолдардағы кептелісті қалай жоюға болатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімі үкімет отырысының барысында 2019-2023 жылдарына арналған қала құрылысы бойынша кешенді жоспарды таныстырды.
"Автомобильдер санының жыл сайын 8-9 пайызға өсуіне байланысты 2023 жылға дейін 121 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Екі көлік жол айырығы, үш көпір, бір туннель мен бір айналмалы жолдың құрылысын аяқтау жоспарда бар. Бұл елордадағы кептелістің пайда болуын алдын алуға мүмкіндік береді", - деді әкім.
Сондай-ақ, ол алдағы жылдары халықтың көші-қон есебінен және елордадағы туу көрсеткішінің өсуіне байланысты тұрғындар саны артатынын айтып өтті.
"Жыл сайын халық саны орташа есеппен 2,5 пайызға өсіп жатыр. 2030 жылға дейін 2 миллион адам болады деп жоспарланып отыр", - деді Сұлтанов.