26 маусым 2015 | 12:51

Астананың жаңа теміржол вокзалы ауданы қандай болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аstana.gov.kz © Аstana.gov.kz

Астана жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, "Мыңжылдық" саябағының маңайында орналасқан жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы қала құрылысы кеңесінде қаралып, бекітілген.

Аstana.gov.kz сайтынан

"Бұл тұрғын үй кешендері, бизнес орталықтары, қонақ үйлер, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары, басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар орналасқан елорданың көп функционалды ауданы. Жобаға сәйкес, коммерциялық ғимараттардың ауданы 656 032 шаршы метр болады. Бизнес орталықтар 507660 шаршы метр аумақты алса, қонақ үйлер, апартаменттер 304 375 шаршы метр аумақта орналасады. Ал, тұрмыстық қызмет үшін 126 000 шаршы метр аумақ бөлінген", - деп жазылған хабарламада.

Аstana.gov.kz сайтынан

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ашылатын вокзал тәулігіне 12 мың жолаушы өткізеді. Жаңа вокзал барлық бағыттар (Тобыл, Көкшетау, Карағанды, Павлодар) бойынша өткізуді қамтамасыз етеді.

Осыған дейін хабарланғандай, көрме кезінде вокзал күн сайын 35 мың жолаушы қабылдай алатын болады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети