08 қазан 2016 18:12

Астананың жасыл белдеуінде 23 шақырым веложол салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың "жасыл белдеуі" аумағында ені 2 метрлік жалпы ұзындығы 23 шақырымға созылған жаңа веложол салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Елорданың "жасыл белдеуі" аумағында ені 2 метрлік жалпы ұзындығы 23 шақырымға созылған жаңа веложол салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Қорғалжын тасжолында орналасқан веложол ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұқаралық велошеруге елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен бокстан Риодағы Олимпиада Чемпионы Данияр Елеусінов қатысты.

"Астанада салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шаралар жиі өткізіледі, осы жолы және жақында өткен марафон және басқа да ірі шаралар. Сол себепті елордамызды елміздегі ең спорттық қала деп атауға болады",- деп атап өтті  Ермек Аманшаев.

Велошеруге қатысу үшін 80-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, "Астана Орманы" компаниясының қызметкерлері, спортшылар және велоспортпен әуестенетін қала тұрғындары бар.

Велошабандоздар Ильинка кентінен бастап Қосшы кентіне дейінгі жолды еңсерді. Жасыл белдеудің аумағында веложол салу - Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасының бастамасы.  Басқарма жетекшісінің орынбасары Танысбек Арашапов атап көрсеткендей, веложолақты төсеу жұмыстары екі ай ішінде  толықтай аяқталды. Пайдалану мерзімі - 10 жылға жуық.

"Отырғызылған жасыл желекті аумақты тиімді пайдалану және Астананың "Жасыл белдеуін" одан ары дамыту мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін велосипед жолы салынды. Демалушылар  осы жерде демалыс күндерін өткізіп, табиғат аясына велосипедпен шығып, таза ауамен тыныстай алады. Велосипед жолының бойымен демалуға арналған 6 күрке орнатылды. Ал қыста бұл жерде шаңғы трассасы болады", - деді Танысбек Арашапов.

Алайда ол демалушыларға тазалық сақтау және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін еске салды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети