18 мамыр 2017 11:10

Астананың ЖОО-лары сабақ уақытын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың жоғары оқу орындары қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында оқу жылының аяталуы мен басталу мерзімдерін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астананың жоғары оқу орындары қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында оқу жылының аяталуы мен басталу мерзімдерін өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"EXPO-2017 көрмесі қарсаңында Астанада көлік санын азайту мақсатында жоғарғы оқу орындары 2016-2017 жылғы оқу жылын аяқтау мен 2017-2018 жылғы оқу жылын бастау мерзімдерін өзгерту жоспарын дайындады. Осылайша, биылғы оқу жылы мамырдың 25-і аяқталады, ал оқу жылы қыркүйектің 10-ы басталады", - деп жауап берді БҒМ-ның баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына. 

Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерінің өзгеруі басқа қалаларға қатысты еместігін атап өтті министрлік өкілдері. 

Мұның алдында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы орта мектептерде де оқу жылының басталу мерзімі өзгеруі мүмкін екенін айтқан. "Астананың Білім беру басқармасы алғашқы қоңырауды 1 қыркүйекте өткізіп, ал сабақтарды 12 қыркүйекте бастауды ұсынды", - деп түсіндірді ол. 

EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 шілдесі мен 9 қыркүйегі аралығында Астанада өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети