Астананың Орталық саябағындағы аққудың жағдайы қазақстандықтарды алаңдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың Орталық саябағындағы аққудың жағдайы қазақстандықтарды алаңдатты Фото: threads.com/@baktanov_zhandos

Әлеуметтік желілерде Астананың Орталық саябағындағы аққу түсірілген видео тарап жатыр. Жазба авторы құстың бірнеше күннен бері дұрыс қозғала алмай жүргенін айтып, қалалық қызметтерден жануарға көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Байғұсқа көмектесіңіздерші"

Жазба астында қолданушылар әкімдікті құсқа назар аударуға шақырып жатыр. Кейбіреулер e-Otinish арқылы қоршаған ортаны қорғау басқармасына өтініш жолдап үлгергенін хабарлады. Пікір қалдырушылар көмек көрсетілмесе, жануар ауыр жарақат алуы мүмкін деп қауіптенеді.

"Неше күннен бері қиналып жүрген байғұсқа көмектесіңіздерші", – делінген жазбада.

Әкімдік не деді?

Астана әкімдігі мамандардың аққудың жағдайын тексеріп үлгергенін хабарлады. Олардың мәліметінше, қазір құстың жағдайы жақсы.

"Орталық саябақтың ақпараты бойынша, аққудың мінез-құлқы аралдағы табанының астында бөгде заттардың болуына байланысты болған. Қазіргі уақытта құстың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды: аққу су айдынында, белсенді жүзіп жүр", – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік ақпаратынша, мамандар оның жағдайын бақылауды жалғастырады.

Читайте также

Валюта бағамы

 471.04   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +31
Ақтөбе +34
Атырау +29
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +31
П
Павлодар +31
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +31
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер