02 желтоқсан 2014 16:59

Астананың санитарлық аймағы "Елбасы орманы" деп аталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

akorda.kz© akorda.kz©

Астананың санитарлық-қорғау аймағын "Елбасы орманы" деп атау туралы ұсыныс талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz астана сайтына сілтеме жасап.


Астананың санитарлық-қорғау аймағын "Елбасы орманы" деп атау туралы ұсыныс талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz астана сайтына сілтеме жасап.

"2014 жылы 26 қарашада елорда әкімдігінде ономастикалық комиссияның отырысы болды, оның құрамына ҚР Парламентінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Ардагерлер кеңесінің, астаналық ЖОО мен ҚР Ұлттық мұрағатының өкілдері кірді. Отырыс барысында талқыланған басты мәселе - Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының елорданың санитарлық-қорғау аймағына "Елбасы орманы" атауын беру туралы ұсынысы болды", - делінген хабарламада.

Бұл ұсыныс ономастикалық комиссия мүшелерінің басым бөлігінің қолдауына ие болды, бірақ соңғы шешім республикалық деңгейде қабылданатын болады, деп атап өтілген жарияланымда.

Биыл елорданың жасыл белдеу аумағында 271,9 гектар жерге 398 434 бірлік екпе көшет отырғызылды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда елорданың айналасындағы жасыл белдеудің жалпы ауданы 15 гектар шамасында, яғни 11 учаске. Екпе ағаштар 11 502,2 гектар жерді алып жатыр, онда 9,6 млн астам ағаш пен 1,8 млн бұта өсіп жатыр. Жасыл белдеудегі жапырақты жыныстардың үлесі 98,2%, қылқан жапырақтылар - 1,8 құрайды.

Қала аумағында орналасқан жасыл белдеу аймағы елорданың коммуналдық меншігі болып табылады. Белдеу аумағына 1629 қырғауыл жіберілді.

Ведомствоның хабарлауынша, келер жылы да 400 мыңға жуық ағаш отырғызу көзделген, бұл жасыл белдеуді Орталық Азиядағы жалғыз осы тектес орман алқабына айналдырады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети