Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қалалық мәслихатқа Сарыарқа ауданы әкімінің қызметіне Ерғали Егембердінің кандатурасын ұсынды. Қала әкімі ұсынған кандидатураны депутаттар бірауыздан мақұлдады.
Елорда әкімі Ерғали Егембердінің республикада өңірлік және орталық мемлекеттік органдардағы кәсіптік жұмыс тәжірибесін атап өтіп, оны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.
"Ерғали Егемберді мемлекеттік қызметте біраз жұмыс істеді. Ол өзін жауапкершілігі мол әрі өз жұмысын білетін жетекші ретінде таныта білді. Жаңа әкім өз міндетін жақсы атқарады деп ойлаймын", - деді Бақыт Сұлтанов.
Ерғали Қуандықұлы Егемберді Шымкент қаласында 1977 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ЕҰУ Дипломатиялық академиясын, Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Ол - "Болашақ" бағдарламасының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі, саяси ғылымдардың кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы әкімдігінде Қаржы департаментінің бас маманы болып бастады.
2001-2004 жылдар аралағында Астана қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, "Астана - жаңа қала" ЕЭА бөлімінің басшысы, елорданың сауда басқармасы басшысының орынбасары, Астананың тұрғын үй департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдар аралығында - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылы Қарағанды облысы бір реттік талондарды беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2007 жылы - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2008 жылы - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болды. 2009-2010 жылдар аралығында - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісі аппаратының басшысы болды.
2012-2014 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014-2017 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2017 жылдан 2018 жылға дейін - Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 2018 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекетік инспекторы. 4 мерейтойлық және "Ерен еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталған. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.