Президент Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесіне қарай Астананың шұғыл қызметтерінің мамандары ағылшын тілін меңгеруі тиіс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесіне қарай Астананың шұғыл қызметтерінің мамандары ағылшын тілін меңгеруі тиіс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, көрмені бірнеше миллион адам келіп тамашалауы тиіс, олардың жартысы - шетелдіктер, демек, бұдан қаланың мойнына түсетін жүк артады.
"Қызмет түрлерін тұтыну көлемі екі есе артады. Әкімдік пен барлық мемлекеттік орган мұндай бетбұрысқа алдын ала дайын болуы тиіс. Көрмені өткізуге 2,5-3 жыл қалды. Бұл уақытқа дейін шұғыл қызметтер, медициналық қамтамасыз ету мен сервис мамандары ағылшын тілін кем дегенде базалық деңгейде білуі керек. Біз бұл мәселе бойынша тағы кездесіп, әңгімелесетін боламыз", - деді Президент Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі кеңес барысында.
Елбасы көрмеге дайындық жөніндегі ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарына көңілі толмайтынын білдірді. "Бізде Қазақстанда көрменің өткізілетіні мен оның мәні туралы халықтың азғана бөлігі біледі. Ол - біздің барлық жұмысымыздың, идеологиялық, үгіт-насихаттық жұмысымыздың нәтижесі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Астананы EXPO-ның астанасы ретінде әлемге таныту жөніндегі шаралардың да өз деңгейінде жүргізілмей жатқанын атап өтті.
"Осы көрме арқылы біз Астана мен Қазақстанды насихаттауымыз қажет", - деді Президент. Ол көрме үшін 250 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын, оның 150 мыңы қонақүй ретінде пайдаланылатынын айтты. Кейін олар қайтадан баспана ретінде берілетін болады.