23 желтоқсан 2016 | 13:34

Астананың туристік символының авторы 2 миллион теңге алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың туристік символы бойынша концептуалдық, дизайнерлік шешімдерді табу мақсатында үздік нобай-жобасына байқау жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың туристік символы бойынша концептуалдық, дизайнерлік шешімдерді табу мақсатында үздік нобай-жобасына байқау жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Символ, белгі (бренд) қаланың мәртебесін, оның туристік тартымдылығын, көрікті жерлерін, ландшафтының ерекшеліктерін және тарихын жеткізуге тиіс. Символ жарқын, ықшам және заманауи болуы керек. Түс гаммасы қазақтардың декоративті өнерінің түс және композициялық дәстүрлерін көрсетуге тиіс. Туристік белгіде қаланың рухын, оның мәнін жеткізетін түпнұсқа семантикалық шешімдерді, графикалық элементтерді, айрықша ұрандарды қолдануға болады. Туристік символ дизайн мен графикалық өнердің заманауи, әлемдік үдерістерінде орындалуға тиіс", - делінген хабарламада.

Байқау 2016 жылдың 26 желтоқсаны мен 2017 жылдың 25 қаңтар аралығында өтеді. Байқауды ұйымдастырушы - "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ. Байқауға ниет танытқан кез келген адам қатыса алады. 

Конкурс жеңімпазы 2 миллион теңге алады. Екінші орынға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілсе, үшінші орынға лайық деп танылған қатысушы 500 мың теңге алады.

Байқау материалдарын 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 535 кабинет мекен-жайы бойынша, 2017 жылдың 25 қаңтары сағат 18:00-ден кешіктірмей тапсыру қажет. Байқаудың ережесімен төменде тіркелген құжаттан танысуға болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети