Астананың орталық көшелерінің біріндегі кептеліс бірнеше шақырымға созылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың орталық көшелерінің біріндегі кептеліс бірнеше шақырымға созылды © Youtube

Астанадағы ұзын-сонар кептеліс әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеңесары көшесіндегі кептеліс бірнеше шақырымға жетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы ұзын-сонар кептеліс әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеңесары көшесіндегі кептеліс бірнеше шақырымға жетті.

Кеңесары көшесінің бойында Жұбанов пен Уәлиханов көшелерінің аралығындағы кептеліс үшінші күн қатарынан сақталып отыр. Кептелістің ұзындығы - шамамен 2 шақырым. Астана тұрғындары әлеуметтік желі арқылы қалада бір бағыттағы қозғалыстың енгізілуіне наразылық білдіріп, кептелісті видеоға түсірді.

Сонымен қатар, Астанадағы Кеңесары даңғылы мен Жұбанов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасының видеосын куәгерлер редакциямызға жолдады. Кадрдан апаттың салдарынан бағдаршамның сынғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы бір бағыттағы көлік қозғалысының енгізілуінен пайда болды.

Еске салайық, 11 маусымнан бастап Астананың бірнеше көшесі бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізілді.

· Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Сарыарқа көшесіне дейін). Жолдың ұзындығы - 4,6 шақырым;

· Кеңесары даңғылы (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін). Жолдың ұзындығы - 4,3 шақырым;

· Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Жолдың ұзындығы - 0,7 шақырым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети