Астананың жаңа әкімі жолдағы кептелісті қалай жоюға болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың жаңа әкімі жолдағы кептелісті қалай жоюға болатынын айтты © Tengrinews.kz

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жолдардағы кептелісті қалай жоюға болатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жолдардағы кептелісті қалай жоюға болатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі үкімет отырысының барысында 2019-2023 жылдарына арналған қала құрылысы бойынша кешенді жоспарды таныстырды.

"Автомобильдер санының жыл сайын 8-9 пайызға өсуіне байланысты 2023 жылға дейін 121 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Екі көлік жол айырығы, үш көпір, бір туннель мен бір айналмалы жолдың құрылысын аяқтау жоспарда бар. Бұл елордадағы кептелістің пайда болуын алдын алуға мүмкіндік береді", - деді әкім.

Сондай-ақ, ол алдағы жылдары халықтың көші-қон есебінен және елордадағы туу көрсеткішінің өсуіне байланысты тұрғындар саны артатынын айтып өтті.

"Жыл сайын халық саны орташа есеппен 2,5 пайызға өсіп жатыр. 2030 жылға дейін 2 миллион адам болады деп жоспарланып отыр", - деді Сұлтанов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети