Бүгін түнде Алматы облысының тұрғындары аспаннан бірнеше жарқыраған нысандарды байқады. Мамандар ерекше құбылысты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін түнде Алматы облысының тұрғындары аспаннан бірнеше жарқыраған нысандарды байқады. Мамандар ерекше құбылысты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Алматы, Талғар және Қонаев тұрғындарының түнгі аспандағы ерекше жарқыраған нысандарды түсіріп алған видеолары пайда болды. Пікір білдіргендер оны метеорит деп болжаған.
"В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт мамандарының айтуынша, 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары байқаған ерекше құбылыс - Жер атмосферасына кіргеннен кейін спутниктен ажыраған фрагменттердің жануы деп түсіндірді", - деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!