“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ - Президент парламенттік реформа туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Асығыстыққа жол беруге болмайды“ - Президент парламенттік реформа туралы Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс екенін мәлімдеді.

"Бір палаталы Парламент құру туралы бастама инновациялық саяси шешім болды. Қазір ел ішінде, әлеуметтік желіде түрлі ой-пікір айтылып жатыр. Басым көпшілігі мұны "әбден пісіп-жетілген мәселе" деп санайды. Тіпті "халықтың көбі қолдаған бастаманы талқылап, референдум өткізудің қажеті жоқ" деген ой да айтылып жатыр. "Реформаны созудың қажеті жоқ, таяу арада, қысқа мерзім ішінде жасай салуға болады" деген пікір де бар. Шын мәнінде, қай жағынан алып қарасақ та, мәселе өте өзекті. Азаматтарымыздың әртүрлі пікір айтып, белсенді болғаны – жақсы үдеріс. Дегенмен парламенттік реформа – аса күрделі жұмыс. Асығыстыққа жол беруге болмайды. Себебі бұл – еліміздің тағдырын шешетін жағдай. Бұл – мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін қадам. Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс. Қазақстан – халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет. Бұл – мызғымас ұстаным", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети