25 мамыр күні Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде асық атудан республикалық ашық турнир өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталмыш университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирде Қазақстанның әр облысы және Астана мен Алматы қалаларының командалары бәсекеге түседі. Жарысқа қатысуға тілек білдірген шет мемлекеттер командаларының да қатысуға мүмкіндігі бар. Әр команда құрамына 3 адам кіреді: 16-ға толмаған ойыншы, 16-дан асқан спортшы және 1 жетекші.
Ашық турнирде елімізге танымал тұлғалар Қайрат Нұртас, Досымжан Таңатаров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, сонымен бірге, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, жазушы Қойшығара Салғарин де өнер көрседі деп жоспарланып отыр.
Сайыс ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2011 жылы бекіткен "Асық ату ойынының ережесі" бойынша жүргізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қомақты жүлдеге ие болады. 1-ші орын алғанға 300 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынды иелегенге 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.