02 сәуір 2020 | 10:42

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 20 мың адам карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Айнаш Өндіріс Фото: Айнаш Өндіріс

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар айты.


Иконка комментария блок соц сети

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар айты.

Олардың айтуынша, 20 мың адам карантинге жабылды. Басқарушы компания WhatsApp -та "Асыл Арманның" толықтай жабылатыны туралы хабарлама жіберген екен.

"Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік мақсатында және коронавирустың алдын алу мақсатында өкілетті органдар "Асыл Арманды" карантинге жабу туралы шешім шығарды. Халықты азық-түлікпен, бірінші қажеттіліктегі тауарлармен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылып жатыр. (...) Сабыр сақтауға шақырамыз. Жұмыс берушілеріңізге карантинде екендеріңізді ескертіп қойыңыздар. Бұл шараға қатысты толық мәліметті ертең береміз. Абай болыңыздар, үйлеріңізде отырыңыздар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5 мыңнан аса пәтер бар. Жергілікті халықтың айтуынша, мұнда тұрғындардың 95 пайызы Алматыда қалада жұмыс істейді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі тұрғын үй кешенінің карантинге жабылғанын растады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети