"Асыл Мирас" аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көшесі 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.
"Асыл Мирас" аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көшесі 122 мекенжайы бойынша орналасқан. Орталықтың аумағын ұлғайту арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімделу бағдарламасымен қамтылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысты.
Бақытжан Сағынтаев Болат Өтемұратов Қорының қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге қосқан үлесін атап өтті. "Асыл Мирас" аутизм орталықтарының желісі аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының эталоны бола отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеді. "Орталықтың жаңа ғимаратқа көшуі мекеме мамандарына одан да көп балаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деді әкім.
Алматы қаласындағы "Асыл Мирас" 2015 жылы Болат Өтемұратов Қоры ашқан алғашқы аутизм орталығы болды. Соңғы 7 жылда 2,8 мыңға жуық балада АСБ белгілері анықталды, 1,5 мыңға жуық балаға білікті көмек көрсетілді. Орталық алты интервенция бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, олардың әрқайсысы әлеуметтік, сөйлеу және күнделікті дағдылардағы кемшіліктерді анықтауға және жоюға бағытталған.
"Орталық құрылған алғашқы күннен бастап біздің бағдарламаға қолдау көрсеткен Алматы қаласы әкімдігіне алғысымды білдіргім келеді. Қала әкімдігі ұсынған жаңа ғимарат жыл сайын бейімдеу бағдарламаларымен АСБ бар балаларды тәрбиелеп отырған 300-ге жуық отбасын қамтитын болады. Мұнда біздің мамандар АСБ анықтауда көмектеседі және егер балада ауытқушылықтың болуы анықталса, оны жетіспейтін өмірлік дағдыларды дамыту бойынша тиісті бағдарламаға тіркейді", - деді Болат Өтемұратов Қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, дәрігер Алмаз Шарман.
Болат Өтемұратовтың бастамасымен ашылған "Асыл Мирас" аутизм орталықтар желісі бүгінде Қазақстанның 9 қаласында сәтті жұмыс істеуде. Алдағы уақытта Тараз және Қарағанды қалаларында тағы екі орталық ашылады.
Меценаттың қайырымдылық қорының негізін қалаушы және Қазақстан теннис федерациясының президенті ретіндегі қоғамдық қызметінің маңыздылығы мемлекеттік деңгейде атап өтілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Болат Өтемұратов ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.