Ата-аналар балаларының қауіпсіз екеніне сенімді болуы керек - Смайылов

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ата-аналар балаларының қауіпсіз екеніне сенімді болуы керек - Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов ата-ана мектептегі баласының жағдайы мен қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов ата-ана мектептегі баласының жағдайы мен қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер де бар. Еліміздегі 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бақылау режимі қатаң сақталмайды", - деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектептерде лицензияланған күзет қызметтерімен келісімдер жасалмаған.

"Күзетке көбінесе арнайы даярлықтан өтпеген адамдар тартылады. Осы мәселелердің барлығын шешу керек. Өйткені бұл – балаларымыздың қауіпсіздігі", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети