09 қыркүйек 2020 | 12:00

Ата-аналар зейнетақы жинағын балаларына тұрғын үй алуға жұмсай алады

Ата-аналар өзінің зейнетақы жинағын балаларына тұрғын үй сатып алу үшін жұмсай алады. Бұл туралы Tengri TV YouTube-арнасындағы тікелей эфир кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ата-аналар өзінің зейнетақы жинағын балаларына тұрғын үй сатып алу үшін жұмсай алады. Бұл туралы Tengri TV YouTube-арнасындағы тікелей эфир кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, егер қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі болса, онда олар өзінің зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй сатып алу үшін пайдалана алады.

Реклама
Реклама

"Меншікте бар тұрғын үй болған жағдайда тұрғын үйге зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша неге шектеулер жоқ? Бізде ата-аналар өз отбасын құрған ересек балалармен бірге кейде 2-3 бөлмелі пәтерде тұрады. Сонымен қатар, ата-аналардың екі бөлмелі пәтері бар. Сондай-ақ, оларда зейнетақы жинағының белгілі бір сомасы бар. Олар ол ақшаны пайдалануға немесе оны балаларына көмектесуге (тұрғын үй сатып алуға) жұмсауға құқылы. Меншікті капиталды ересек балалардың капиталымен біріктіре отырып, олар екінші, бірақ бірлескен тұрғын үй сатып ала алады", - дейді Шегай.

Сондай-ақ, министрлік өкілі қазақстандықтардың зейнетақы жинағын шетелде ем алуға жұмсай алатынын айтты.

"Жергілікті атқарушы органдар жанынан арнайы комиссия құрылады, ол денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ережелер бойынша зейнетақы жинақтарын төлеу арқылы емдеудің қандай түрлері төленуі тиіс екенін қарастырады", - деді министрлік өкілі.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады.

Салымшылар зейнетақы жинағын қолма-қол алмайды - Еңбек министрлігі
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная