Атамбаев Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

27 Сәуір 2015, 17:25
0
Атамбаев Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады - @РИА Новости
@РИА Новости

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі Қырғызстан республикасының президенті Аппаратының ақпараттық саяси бөліміне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстанда президенттік сайлау 26 сәуірде өтті.

Құттықтау телеграммасында Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы айқын жеңісі Қазақстан халқының оның мемлекет басшысы қызметіне лайық екенін мойындап, елдің тұрақты дамуы мен халықаралық аренадағы беделі үшін жүргізіп отырған саяси-экономикалық реформаларына деген жоғары сенімінің арқасы екенін атап өтті.

"Біз болашақта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық, бірлестік пен стратегиялық ынтымақтастықты одан ары дамытатынымызға сенімдімін", - делінген Атамбаевтың құттықтау телеграммасында. Сонымен қатар, Қырғызстан президенті Назарбаевқа "берік денсаулық және алға қойған мақсаттарды жүзеге асырауда үлкен сәттілік, ал Қазақстанға татулық пен ынтымақтастық" тіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Путин Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған болатын.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай