"Атамекен" ҰКП Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атамекен" ҰКП Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасы Тимур Құлыбаевтың төралқа төрағасы қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Басқарма тарапынан Құлыбаевқа бірнеше жыл бірге атқарған жұмысы үшін алғыс айтылды. 

"Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды әрі палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты", - делінген мәлімдемеде.

Ұлттық палатаның басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылды.

"Төралқа төрағасын съезд сайлайды, төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төрағаның міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын анықтайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың бұрыннан талқылап келе жатқан мәселесі - төралқаның салалық комитет мүшелерін сала кәсіпкерлері сайлайтыны айтылды.

"2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғары органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ, басқарма құрамына қатысты шешім шығарады", - деді палата өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети