Жыл басынан бері қос елдің азаматтығы бар 33 қазақстандықты Қытай түрмесіне жапты. Бұл туралы сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері қос елдің азаматтығы бар 33 қазақстандықты Қытай түрмесіне жапты. Бұл туралы сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қытайдағы отандастарымыздың саны - 1,5 миллион адам. Былтыр 2,5 мың отандасымыз Қазақстанға шығу үшін виза алды. Биыл қос азаматтығы бар Қазақстан азаматтарының ішінен 33 адам Қытай түрмелеріне қамауға алынды. Біз өз тарапымыздан дипломатиялық арналар арқылы және консулдардың жұмысы есебінен 20 адамды қайтардық", - дейді Атамқұлов Мәжілісте үкіметтік сағатта сөз сөйлеу кезінде.
Оның айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Қытайдың түзеу мекемелерінде жүрген азаматтардан мыңнан аса өтініш түскенін мәлімдеді
"Өтініштер бойынша біз жекелей жұмыс істейміз, олардың жағдайы туралы білеміз. Әр адаммен жеке жұмыс жүргізіледі, өйткені әр адамның өз тарихы бар. Біздің дипломаттар осы лагерьлерде болды. Онда тәуелсіз сарапшылар да болды", - деп сендірді министр.