"Атамұра" оқулықта Қазыбек би мен Әйтеке бидің есімі қалай ауысып кеткенін түсіндірді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атамұра" оқулықта Қазыбек би мен Әйтеке бидің есімі қалай ауысып кеткенін түсіндірді Әйтеке би мен Қазыбек би

"Атамұра" баспасы 6-сынып оқулығындағы Қазыбек би мен Әйтеке би портреттеріндегі қатені түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атамұра" баспасы 6-сынып оқулығындағы Қазыбек би мен Әйтеке би портреттеріндегі қатені түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары 6-сыныптың "Қазақстан тарихы" кітабындағы қатені талқылап жатыр, онда Әйтеке бидің суретінің астына Қазыбек би деп жазып қойған, ал Қазыбек биді керісінше Әйтеке би деп көрсеткен.

"6-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығының орыс нұсқасын (авторлары Бакина Н., Жанакова Н., Сүлейменова К.) әзірлеп жатқанда компьютерде техникалық ақаулар болып, Қазыбек би мен Әйтеке бидің есімдері ауысып кетіпті. Қазақша оқулықта және сайтта барлығы дұрыс жазылған", - деді 6-сыныптың "Қазақстан тарихы" оқулығы авторлық ұжымының жетекшісі Назикен Бакина.

Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би - қазақ халқының үш ұлы биі, олар "Жеті жарғы"заңдар жинағының авторлары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети