30 қазан 2014 | 12:12

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен тағы 45 отбасы баспана алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі ©Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атбасарда су тасқынынан жапа шеккен 45 отбасы пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атбасарда су тасқынынан жапа шеккен 45 отбасы пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін 45 пәтерлі үйдің пайдалануға беру салтанатты шарасы болды, бұл үй Ақмола облысы әкімінің табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шаралар аясында салынды. Марапаттауға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, облыс құрылымдарының жетекшілері, жаңадан қоныстанушылар және БАҚ өкілдері қатысты", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Көппәтерлі үйдің құрылысы осы жылдың сәуір айында басталды, жалпы құны - 331 миллион теңге. үйде бір мөлмелі 10, екі бөлмелі 26 және үш бөлмелі 9 пәтер бар. 45 отбасы кілт алып, жаңа пәтерлерге қоныстанады.

Әкімдік мәліметі бойынша, көктемде болған селден 559 үй су астында қалған, оның ішінде 209 үй құлайын деп тұр, 350 үйге күнделікті жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Селден жалпы 209 отбасының үйі бұзылды. 30 қазан күніне дейін жаңа пәтер кілтін 74 отбасы алды, 135 отбасы осы жылдың қараша және желтоқсан айларында баспана алады. Осы мақсатта үш 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бітуге жақын. Осылайша, барлық отбасы баспаналы болады. 

Айта кетейік, 2014 жылы сәуірде Атбасарда үйлер су астында қалған еді. 9 сәуір күні өңірге Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келіп, жедел штабта кеңес өткізді. Топан астында қалған үйлерден суды шығару үшін және апаттық-құтқару жұмысын жүргізу үшін Атбасарға Қарағанды, Ақмола, Көкшетау облыстары мен Астанадан ҚР ТЖМ-нің әскери, құтқару және медициналық бөлімшелері келді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети