22 мамыр 2022 | 11:34

Атқа мінген полиция басшысы. Генерал Дүйсембаев қызу талқыға түскен видеоны түсіндірді

© lada.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев "Открытый разговор" жобасына берген сұхбатында Желіде қызу талқыланған жылқымен түскен видеосы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев "Открытый разговор" жобасына берген сұхбатында Желіде қызу талқыланған жылқымен түскен видеосы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Еске салайық, 2019 жылы мамырда әлеуметтік желілерде сол кездегі Атырау облысы полициясының басшысы Аян Дүйсембаевтың сыйлыққа ат алып, оған қошеметпен отырған сәті түсірілген видео жарияланған еді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түскен.

Реклама
Реклама

Осы видеодан кейін Тоқаев ішкі істер министріне Аян Дүйсембаевқа қатысқы қызметтік тексеріс бастауды тапсырған.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп Тоқаев тапсырма берген еді.

Бұл жағдайдан кейін Аян Дүйсембаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.

Енді Дүйсембаев осыдан үш жыл бұрын өз еркімен жұмыстан шыққанын, ал Желіде тараған "жылқыдан да айырылды, жұмыстан да айырылды" деген әңгіме шындыққа жанаспайды деп мәлімдейді.

Ол "генерал" атағын алғаннан кейін Атырау облысының Қызылағаш ауылына барып, ауыл тұрғындарына ауызашар бергенін айтты. Сол кезде ақсақалдар қазақтың салт-дәстүрі бойынша атқа отыруды өтінген. Кейін ІІМ тексеру жүргізген, олар ешқандай бұзушылықты анықтаған жоқ.

"Әлеуметтік желілерден көп сұрақ келіп түседі. Мен жылдар бойы үндемедім. Дегенмен, қазір мәселенің мән-жайын ашып алған дұрыс. Ұмытпасам, 2019 жылдың 11 мамырында ауылыма барып, мешітте ауызашар бердім. Ауылда бұрынғы таныстарыммен кездестім. Кездесу барысында ақсақалдар келіп, шапан кигізіп, атқа мінуімді сұрады. Жылқыны сыйлыққа алған жоқпын, оған отырған себебім - қазақтың ырымынан аттай алмадым. Ауылдасым мен мінген атты немересіне сыйлап, болашақта генерал болсын деп ырымдаған. Өкінішке қарай, бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарала бастады және Президенттің назарын аудартты.

ІІМ жүргізген тексеру менің әрекетімнен ешқандай бұзушылық таппады. Алайда, мен Мемлекет басшысының ескертуінен кейін кез келген генерал өз орнын босатуы керек деп санаймын. Жұмыстан кету туралы өтінішті өз еркіммен жаздым", - дейді ол. 

Айта кетейік, биыл 10 ақпанда ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная