10 ақпан 2022 11:59

Аян Дүйсембаев Маңғыстау облысының ПД басшысы қызметіне тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Аян Дүйсембаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылы Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі болып қызметін бастаған.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы департаменттің бастығы қызметін атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети