Атырау әкімі бүлдіршіннің тұсауын кесті

22 Наурыз, 21:32
0

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы көшедегі бейтаныс бүлдіршіннің тұсауын кесті. Киіз үйлердің тігілуін бақылап жүрген қала әкімін көріп қалған тұрғын оған осындай өтініш жасаған екен. Ең қызығы, бұл туралы қала басшысы Facebook парақшасында өзі жазды.

"Наурызда сонымен қатар әрдайым салт дәстүрді құрметтеген ұлтымның өрендері бүгін де алдымнан шығып, бір жасқа енді толған бөбегінің тұсауын кесіп беруді ұсынған болатын. Әрине дәстүрден биік емеспіз. Нұрасыл атты бүлдіршіннің тұсауын кестім. Еліміздің болашағы жастар болса, міне соның айғағы тұсауы кесілген Нұрасыл киелі мұра болар кітапты алды. Мен қуаныштымын", - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасына сәйкес, барлық ЖАО басшылары халықпен қарым-қатынас орнату мақсатында әлеуметтік желілерден парақша ашқан болатын. Атырау қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жарты жылдың ішінде қала әкіміне әлеуметтік желілер арқылы мыңнан аса сауалдың түскен екен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай