Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын. Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! Барлығы үшін рахмет!", - деп жазды Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы Facebook желісіндегі парақшасында.
Әліммұхаммед Құттымұрат-ұлы 2018 жылы 28 маусымда Атырау әкімі болып тағайындалды. Оның екі жоғары білімі бар - "экономика" және "құқықтану" мамандықтары бойынша, сонымен қатар Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) бағдарламасының магистранты. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда үлкен тәжірибесі бар.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2008-2012 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2017 жылдың тамыз айында Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.