18 ақпан 2019 15:04

Атырау әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмабек Байрақбайұлы. © facebook.com/atyrauakimat Жұмабек Байрақбайұлы. © facebook.com/atyrauakimat

Атырау әкімінің орынбасары қызметіне Жұмабек Қаражанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол осыған дейін облыстық аппаратта ревизиялық комиссия төрағасы қызметін атқарған. 

Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы аппараттық кеңес барысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Жұмабек Қаражанов қаржы-экономикалық, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мен ветеринария салалары бойынша жетекшілік етеді. 

Жұмабек Қаражанов - Атырау облысының тумасы, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "экономика және бизнес" бакалавры және "экономика және бизнес" магистрі мамандығы бойынша білім алған. 

Баспасөз қызметінің өкілдері, осыған дейін Қаражановтың қала әкімінің орынбасары қызметін атқарғанын айтады. Әр жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында қызмет атқарды, сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметінің басшысы болып жұмыс істеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети