Атырау екі бөлікке бөлінуі мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау екі бөлікке бөлінуі мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырау халық санының өсуіне байланысты екіге бөлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау халық санының өсуіне байланысты екіге бөлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау тұрғындарының саны қазір 400 мыңнан асты, көбі қаланы екі ауданға бөлетін уақыт жетті деп отыр. Әкімдік бұл мүмкіндікті қарастырып жатыр ма, егер солай болса, қашан жүзеге асады?", - деп сұрады журналистер ОҚК брифингі барысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтен.

Әкім бұл мәселе қарастырылып жатқанын растады.

"Бізде Атырау қаласын дамытудың бекітілген жоспары - Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар бар. Жоспар бойынша халқық саны өскен кезде әкімшілік-аумақтық құрылымды анықтауымыз керек. Міне, соны қарастырып жатырмыз. Бізде Жайық өзені бар, ол қаланы екі бөлікке бөледі, дәл осы бойынша қаланы қалай екіге бөлуге болатыны туралы белгілі бір пайымдау бар", - деді Серік Шәпкенов.

Бұл ретте ол қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап өтті.

"Себебі қаланың өзі созылып жатыр, қаланың бір шетінен орталығына дейін біраз қашықтық бар, сондықтан тұрғындардың пікірімен санасу керек. Қаланы бөлу бойынша тұрғындарға қолайсыздық тудырмауымыз керек. Сондықтан, шекараға қатысты тұжырым болған кезде бұл мәселені міндетті түрде тұрғындардың талқылауына шығарамыз және олардың пікірін ескереміз", - деп сендірді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети