Атырау қаласында су беру кезең-кезеңімен жүргізіледі

Атырау қаласында су беру кезең-кезеңімен жүргізіледі elements.envato.com

9 желтоқсан сағат 23:30-да "Атырау облысы Су арнасы" КМК су сорғы станцияларының су алатын жерінде шәуіш пайда болып, Жайық өзеніндегі су ағыны баяулаған соң қалаға су беруді тоқтатты.

9 желтоқсан сағат 23:30-да "Атырау облысы Су арнасы" КМК су сорғы станцияларының су алатын жерінде шәуіш пайда болып, Жайық өзеніндегі су ағыны баяулаған соң қалаға су беруді тоқтатты.

10 желтоқсан таңғы сағат 4:30-да қалалық желілерге су авариялық жағдайды болдырмау үшін төмен қысымда берілді. Бұл ретте "Атырау-Мақат" магистральдық құбыры техникалық себептерге байланысты, Береке шағын ауданына (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз - 3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 шағын аудандарында су беруді тоқтатты.

Реклама
Реклама

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-нің арнайы бригадасы су сорғы станцияларындағы шәуіштерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір сүңгуірлер жұмыс істеуде.

Аталған факт бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама