Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жеке меншікке өтуі мүмкін

viewings icon 127 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: АМӨЗ Фото: АМӨЗ

Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттары ішінара жекешелендірілуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттары ішінара жекешелендірілуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Рустам Ахметов агенттік осы зауыттардағы мемлекеттің үлесінің 50 пайызын жеке қолға беруді ұсынғанын айтты.

"Талдау аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы активтерді жекешелендіруді ұсынды. Алдын ала талқылау өткізілді және осы активтердегі мемлекеттік үлестің 50 пайызын беру туралы ұсыныс алдын ала келісілді", - деді Ахметов.

Агенттік өкілінің айтуынша, қазір Шымкент мұнай өңдеу зауыты үлесінің 50 пайызы жеке инвесторға тиесілі. Оның сөзінше, бұл кәсіпорынды тиімді басқаруға ықпал етеді.

"Шымкент МӨЗ-нің табысты жұмысын мысал ретінде көріп отырмыз. Үлестің 50 пайызы жеке меншікке тиесілі. Ең бастысы ол жерде жеке нысандағы басқару, яғни мемлекет тарапынан шенеуніктер жоқ. Жеке тұлға тарапынан тиімді басқарылып жатқанын көріп отырмыз", - деп түсіндірді Рустам Ахметов.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ("АМӨЗ" ЖШС) - Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Ұлы Отан соғысы жылдары салынған және 1945 жылы пайдалануға берілген. Мұнай өңдеу зауытының иесі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (99%).

Павлодар мұнай-химия зауыты - Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Зауыт 1978 жылы салынған. Ол да "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

17°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro