Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.
Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) атмосфералық ауаның сапасын бақылау станцияларында жол берілген заңбұзушылықтар үшін 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
"Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген тексеріс барысында, өңірлік экология департаментінің өтініші негізінде, тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны үшін ("Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚРЗ 19-бабы 1-тармағы), АМӨЗ ӘҚБтК 419-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1600 АЕК (5,9 миллион теңге – еск.) мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Комиттет мәліметінше, атмосфералық ауадағы мұнай өнімдерінің зиян газдарының нақты мөлшерін анықтауға және олар асып кеткен жағдайда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін стационарлық газ анализаторларының үздіксіз жұмысы аталған кәсіпорын пайдаланатын өлшеу құралдарының жарамдылығына байланысты көрсетілген құқық бұзушылықтарға жол берілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!