Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін - Экология министрлігі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылуы мүмкін - Экология министрлігі

Биылдан бастап Экология министрлігіне табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзатын кәсіпорындардың жұмысын сот арқылы тоқтату құқығы берілді. Министрлік алғаш рет бұл құқықты Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қолданбақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір заңнамаға өзгертулер енгізілді. Ластану бойынша жылына екі реттен аса бұзушылық тіркелген жағдайда, сол кәсіпорынның жұмысын тоқтату туралы шешімді толығымен қабылдай аламыз. Бізде мұндай құзырет бар. Біз оны пайдаланамыз", - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев.

Абдуалиевтің айтуынша, табиғатты қорғау заңнамасын жүйелі түрде бұзғаны үшін сот Атырау мұнай өңдеу зауытынан шығарындылардың пайдалануға берілген экологиялық рұқсатты бір айға тоқтатқан. Алайда, екінші сатыдағы сот өндірісте төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту үшін зауыттың төтенше жағдайда заң бұзушылыққа жол бергенін алға тартып, бұл шешімнің күшін жойды.

"Дегенмен зауытта тексеру жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тағы да заң бұзушылық анықталса, зауыттың жұмысын тоқтату туралы материалдар қайтадан сотқа беріледі. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған басқа кәсіпорындарды да осындай жаза күтіп тұр", - деп ескертті Абдуалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети