Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 28 маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне өзінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Сағындық Лұқпановтың басқа қызметке ауысуына байланысты оның орнына Серік Шапкенов келді.
Жиналыс барысында облыс әкімі Сағындық Лұқпановқа атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Аймақ басшысы кандидатурасы ҚР Президент әкімшілігімен келісілген Серік Шапкеновтың ұзақ жылғы еңбек өтілі барын атап өтті.
Серік Шапкенов экономист-математик мамандығы бойынша жоғары білімді. Еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылықтан бастаған. 2001 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болды.
2002 -2012 жылдары мемлекеттік қызметте қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысына дейінгі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, тамыз айында бірінші орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың шілдесіне дейін ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды. 2016 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Атырау қаласының әкімі болды.