Атырау облысының әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова және басқа да шенеуніктер пара алу ісі бойынша сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова және басқа да шенеуніктер пара алу ісі бойынша сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға, облыстық білім басқармасының басшысы Кенжеғалиев пен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.
Сонымен қатар, тергеу "Нұрғиса Тілендиев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық шағын өнер академиясы мектеп-интернаты" есепшісі Н. Мәжитова, "Білім беруді басқарудың әдістемелік орталығының" басшысы Г. Қабекенов, бас есепші К. Иманғазиева, "Қазақстан геологы емдеу пансионаты" облыстық білім бөлімінің бас есепшісі К. Жәлелова және есепшінің көмекшісі Б. Забеновқа қатысты жүргізілген.
Олар бюджет қаржысынан 118 миллион теңге жымқырды, тауар жеткізуге аса ірі көлемде пара алды, аттестациядан өтуге көмектесті және ҰБТ тапсыруға үміткерлер тізіміне енгізді деген күдікке ілінген.
6 ақпанда Атырау қаласының №2 сотының судьясы күдіктілерге қатысты үкім шығарған.
"Нұрсәуле Сайлауова ақша жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану және пара алу істері үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік "Құрмет" марапатынан айырылды. К. Кенжеғалиев ақша жымқырғаны үшін және алаяқтық жасағаны үшін екі жылға, Р. Қабдұлова ақша жымқыру, пара алу және алаяқтық бойынша төрт жылға, Н. Мәжитова ақша жымқыру және алаяқтық бойынша үш жылға және Г. Қабикенов ақша жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. К. Иманғазиева, К.Жәлелова, Б. Забенов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылды", - делінген агенттік хабарламасында.
Олардың ешқайсы мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алмайды.
Нұрсәуле Сайлауова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың аяғында тағайындалған. Ол 2019 жылдың 15 қаңтарында қызметінен босатылған.