08 мамыр 2015 14:27

Атырау облысы әкімінің орынбасары сурет үшін әлеуметтік желіде орынсыз шабуылға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Әлеуметтік желіде Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың сорақы қылығы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың сорақы қылығы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіге түскен суретте шенеунік қолшатыр астында тұр, ол оның жанында, жаңбыр астында жасы 85-90-ға таяған Ұлы Отан соғысының ардагері тұр. Facebook қолданушылары бұл кадрды талқылап, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Атырау облысы әкімінің орынбасарының суретімен 400-ден аса адам бөлісіп үлгерді.

Tengrinews.kz тілшісі бұл жайға қатысты түсінік алу үшін Атырау облысының әкімдігіне хабарласты. Облыстың әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен оның орынбасары Сәлімжан Нақпаев журналистің сұрақтарына уақыттарының жоқтығынан жауап бермеді. Ал әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі Саламат Сабыр бұл оқиғаны жаңсақтық деп атады.

"Иә, суреттегі Атырау облысы әкімінің орынбасары Нақпаев. Менің ойымша, бұл жаңсақтық. Ешкім мұндайды әдейі істемейді ғой. Бұл жігіттің сауатсыздығы. Қол шатырды ұстаған жігіттің. Бұл Құлсарыдағы ескерткіштің ашылу рәсімінде болған. Мен анық-қанығын білмеймін", - деді ол. Еске сала кетейік, ертең, 9 мамырда еліміз Жеңіс күнін атап өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" жобасы шеңберінде Ұлы Отан соғысының 500-ге жуық ардагерінің олардың ұрпақтарының айтуы бойынша оқиғаларын жинақтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети