06 наурыз 2022 | 17:50

Атырау облысында 16 ауыл жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 ауыл желдің салдарынан жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.


Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 ауыл желдің салдарынан жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

5 наурызда сағат 03.10-да Құрманғазы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел - екпіні секундына 22-23 метр) ішінара Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов (абонент саны 52 907) елді мекендерінде электр энергиясын беру авариялық жағдайда тоқтатылды. 

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "Атырау Жарық" АҚ жүргізіп жатқанын хабарлады. 10 авариялық бригада және 3 техника жұмылды.

"6 наурызда сағат 11.30-дағы жағдай бойынша Орлы, Шортанбай ауылдары және ішінара Құрманғазы кентінде жарық қосылды. Қалған елді мекендерде қосылмады (абонент саны - 38 333). Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети